Жарнама
Жарнама

Бауыржан Тұрысбектің қай командаға ауысатыны белгілі болды

08.03.2021, 19:34
Тұрысбек оңтайлы формасына қайта оралу үшін барын салып жаттығуда.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат", "Шахтер" және "Тобылдың" бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек мансабын "Жетісуда" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

29 жастағы шабуылшы қазір "Жетісу" сапында жаттығып жүр, ол талдықорғандық клубта 2015 және 2016 жылдары ойнаған.

29 жастағы шабуылшы "Жетісудың" орналасқан жеріне артық салмақпен келген, бірақ ол жақсы дайындалуда және жақын арада оңтайлы формасына келуі мүмкін. "Жетісу" Премьер-лиганың алғашқы турында "Қайратқа" қонаққа барады.

Ринат Алюетовтің құрамды қайта жасақтаудағы қиындықтарын ескерсек, Тұрысбектің "Жетісу" ойыншысы атануға мүмкіндігі көп.

Соңғы маусымды Тұрысбек "Таразда" өткізді. Шабуылшы Премьер-лигада 14 матч өткізіп, үш гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров