Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Ақсу» клубымен келіссөз жүргізді.
30 жастағы шабуылшы өткен маусымды «Жетісуда» бастады, бірақ бірінші айналымнан кейін мансабын шетелде жалғастырамын деген үмітпен талдықорғандық клубтан кетті. Тіпті украиналық «Ингулец» клубына қаралымға барды. Алайда келісім-шартқа отырмады.
Желтоқсан айында жаңадан құрылған алматылық «Хан Тенгри» клубы да Тұрысбекке қызығушылық танытқанымен, «Қайрат», «Тобыл» клубтарының бұрынғы шабуылшысы бұл ұсыныстан бас тартты. Тұрысбек «Ақсу» басшылығымен келіссөздер жүргізіп үлгерді және павлодарлық клубтың Түркиядағы ОЖЖ-на қатысуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET