"Бавария" клубы өзінің ресми сайтында шабуылшы Джамал Мусиаланың денсаулығына байланысты мәлімдеме жасады. Ол Клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында "ПСЖ"-мен өткен ойында ауыр жарақат алған еді.
"Германия чемпиондары тарапынан жүргізілген медициналық тексерістің нәтижесінде ойыншының тобығы шыққан кезде фибула сүйегі сынғаны анықталды. 22 жастағы футболшы жексенбі күні таңертең Орландодан Мюнхенге ұшып кетті және жақын күндері ота жасалады.” – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, бірінші таймның соңына таман Мусиала "ПСЖ” қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммамен қақтығысып, осы сәттен кейін алаңнан зембілмен шығарылған болатын.
Біздің серіктес: FONBET