Жарнама
Жарнама

"Бавария" Кингсли Коман, Серж Гнабри мен Лерой Санені сатуға шығарды

Мюнхендік Бавария маусымның белортасында команда құрамын жаңартпақшы. Неміс бундеслигасының алыбы белді ойыншылары Кингсли Коман, Серж Гнабри мен Лерой Санеге қомақты қаржы ұсынса кез-келген уақытта жаппай сатып жіберуге дайын.

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

Неміс басылымдары клубтың жұлдызды футболшыларының жалақысы тым жоғары екенін айтады. Және «Бавария» дәл қазір үшеуінің біреуіне қандай да ұсыныс болса қарауға әзір. Ал алдағы қысқы трансферлік терезеде бәрінен құтылуға асығып отыр. Себебі, үш футболшының алатын жылдық жалақы мөлшері 60 миллион еуроны құрайды екен. Осылайша, клуб басшылығы команданың айлық шығынын азйтып, жаңа трансферлер жасауды көздейді. Баварияның бас бапкері Венсан Компани бірқатар ойыншының тізімін басшылыққа ұсынып қойған. Әзірге, мюнхендік клуб Бундеслигада 10-турдан кейін 26 ұпай жинап, турнирлік кестенің көшбасында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: