Жарнама
Жарнама

«Бавария» Кингсли Команды «Әл-Насрға» сатуға келісім берді

11.08.2025, 18:13

Мюнхендік «Бавария» француз вингері Кингсли Команды Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына сатуға келісім берді, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо әлеуметтік желіде.

Кингсли Коман
Жарнама
Жарнама

Ақпарат көзінің мәліметінше, трансфер сомасы шамамен 30 миллион еуроны құрайды. Француз футболшысы осы аптада медициналық тексеруден өтіп, үш жылдық келісімшартқа қол қояды.

Кингсли Коман 2017 жылдың жазынан бері Германияның «Бавария» клубында ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирлерде 339 матчқа қатысып, 72 гол соғып, 71 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазының соңына дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, футболшының нарықтық құны — 30 миллион еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: