Амстердамдық «Аякстың» қорғаушысы Нуссаир Мазрауи мансабын «Баварияда» жалғастырады, деп хабарлайды журналист Николо Скира.
Дереккөздің хабарлауынша, 24 жастағы марокколық футболшы шілде айында мюнхендік клубқа еркін агент ретінде ауысады. Мазрауидің «Бавариямен» келісім-шарты 2026 жылға дейін, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен жасалады. Ал оның жылдық жалақысы 4 миллион еуроны құрайды.
Еске салайық, Мазрауи 2018 жылы «Аякс» ойыншысы атанған болатын. Биылғы маусымда қорғаушы Голландия чемпионатында 23 матчқа қатысып, 5 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. 2018 жылдан бастап Мазрауи Марокко құрамасына шақыртылуда.
Біздің серіктес: FONBET