Жарнама
Жарнама

«Бавария» «Барселонаның» ұсынысын қабылдамады

24.06.2022, 21:16
Мюнхендік клуб Левандовски үшін 40 миллион еуро талап етуде.
Жарнама
Жарнама

Мюнхендік «Бавария» «Барселонаның» Роберт Левандовскиге қатысты жасаған жаңа ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды The Telegraph.

Дереккөздің хабарлауынша, каталондық клуб мюнхендіктерге 35 миллион еуро мен бонустар ұсынған, бірақ «Бавария» трансфер үшін таза 40 миллион еуро алғысы келеді.

Бұған дейін 33 жастағы шабуылшының «Барселонамен» үш жылдық келісім-шартқа отыратыны хабарланған еді.

Өткен маусымда Левандовски «Бавария» үшін барлық турнирлерде 46 ойынға қатысып, 50 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанды. Польшалық шабуылшының мюнхендік клубпен келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін есептелген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров