Жарнама
Жарнама

Бавария - Боруссия. Финалға болжам қалай?

27.05.2013, 03:50
Жарнама
Жарнама

? Әзірге жауабы жоқ бұл сұрақтың! Сұрақ бірақ екінің біріне түсінікті. Кім биыл Чемпиондар лигасының кубогын басына көтереді. Бавария немесе Боруссия. Осы орайда біз белгілі мамандардың пікірін білмек болдық. Олардың ішінде Вахид Масудов, Роман Вораговский, Алексей Клишин секілді бапкерлер бар. Сондай-ақ журналист ағайын мен жанкүйер қауымның да пікірлерін біле кеткенді жөн санадық. Бәлкім осылардың арасында сіздің көңіліңізгне жағатын пікір кездесер.

Вахид МАСУДОВ, бапкер: Мен жартылай финалдың екеуінде тамашаладым. Немістің футболы өте тартымды болып келеді соңғы кездері. "Бавария" жүріп тұрған мәшине. Дегенмен финалда барлығы да кездесуі мүмкін. Меніңше "Боруссия" финалда жеңілуі керек. 2-0.

Роман Вораговский, бапкер: Неміс футболының бұрыннан жанкүйерімін. Екеуінің қайсысы жеңсе де бәрібір. Биылғы маусым немістер үшін өте сәтті өтті. Бұрындары тек ағылшындар ғана шығып жүрген. Енді міне, немістер де финалды жаулап алды түгелдей. Мен бұл жолы "Боруссияға жанкүйер боламын. Жас команда болашағынан үміт күттіреді. Есеп 1-2.

Алексей КЛИШИН, бапкер: "Боруссия" осыдан 3 маусым бұрын көріне бастаған. Сол кездегі ойыншылар құрамы толықтай сақталған. Команда кілең жастардан құралды. Енді олар биыл чемпион болады деп ойлаймын. Есеп 0-1.

1Мұратхан ТҰРАРОВ, журналист:  "Бавария" женеди деп ойлаймын. "Бавариянын" биылғы керемет спорттык бабынын логикалык жане занды қорытындысы - чемпиондар лигасындагы жеңіс! Бұл жеңіске мюнхендіктер әбден лайық. Есеп 2-1.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров