Жарнама
Жарнама

«Бавария» «Боруссияның» екі ойыншысын сатып алуды жоспарлап отыр

03.12.2020, 04:20
Екі футболшының құны шамамен 80 миллион еуроны құрайды.
Жарнама
Жарнама

«Бавария» «Боруссия Мёнхенгладбах» клубының жартылай қорғаушылары Денис Закария мен Флориан Нойхаусты сатып алмақшы, деп хабарлайды Transfermarkt Bild басылымына сілтеме жасап.

Футболшылар «Баварияның» трансферлік тізімінде көш бастап тұр. «Боруссия» қазір Закариямен келісімшартты ұзарту туралы келіссөздер жүргізуде, клуб келісімшартқа сатып алу туралы тармақты енгізуге дайын. Егер келіссөздер сәтсіз аяқталса, Денисті трансферден пайда табу үшін жазда сатуға тура келеді. Бұл жағдайда оның құны 40 миллион еуроны құрайды. Нойхаустың трансфері де дәл осы шамада бағаланып отыр.

23 жастағы Нойхаустың келісімшарты 2024 жылға дейін жасалған, бірақ «Баварияның» бас бапкері Ханси Флик оны алуға ынталы.

Осы маусымда 24 жастағы Закария барлық турнирлерде 4 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады. Нойхаус 15 матч өткізіп, 4 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров