Бавария - чемпион!

17.06.2020, 16:29
Жеті матчта жеті жеңіс - өте керемет!

Ұзақ үзілістен кейін "Бавария" өте керемет оралды. Ханс-Дитер Флик командасы Бундеслиганың барлық 6 матчында жеңіске жетті, оның ішінде басты қарсыласы "Боруссия Дортмундпен" болған ойында жеңіске жетіп, "Дортмунд" ойыншыларынан 7 ұпайға алшақтады. Сондықтан Чемпионаттың 32-турында Мюнхендік командада күміс салат ыдысын ұтып алу мүмкіндігі пайда болды. "Баварияның" келесі қарсыласы "Вердер" болды, ол осы маусымда бундеслигада қалу үшін күресіп, жанкүйерлерге жаман әсер қалдырды. Сондықтан, Бременге сапар алтын медаль иеленуге мүмкіндік берді.

Алайда, чемпионаттың аутсайдер командасы "Баварияға" чемпиондықты оңай бергісі келмеді. Мюнхендіктер допты өз бақылауына алып, Иржи Павленканың қақпасына үнемі шабуыл жасай бастағанына қарамастан, алаң иелері қорғаныста өте тәртіпті ойнап, кейде қарсы шабуылдар жасады.

Бірақ үзіліске бірнеше минут қалғанда қонақтар қарсылас қорғанысының әлсіз жерін таба алды. Допты өз бақылауына алған Боатенг Левандовскидің керемет ашылғанын байқап, оған әуелетіп пас асырды. Бремендік қоманданың қорғаушыларына қолдан офсайд жасай алмады, сондықтан шабуылшы еркін допты алып, содан кейін оны қақпаға тепті. Павленка қарсылық көрсете алмады.

Екінші таймда «Бавария» көшбасшы ретінде ойынды тыныштандырды. Матч соңында Мюнхен командасының іш пысқаны соншалық, өздері үшін қиындықтар ойлап табуды бастады. 79-минутта Альфонсо Дэвис Велковичке қарсы тәртіп бұзып, екінші сары қағазға ие болды.

Аз ойыншымен қалған "Бавария" алаң иелеріне есепті теңестіруге үміт сыйлады. Финалдық шабуылды ұйымдастырған "Вердер" Осакоға соққы жасауға мүмкіндік жасап берді . Оң қапталдан берілген пастан кейін жапондық шабуылшы қақпа бұрышына баспен соққы жасады, алайда Нойер керемет сейв жасап, өз командасының жеңісіне қол жеткізді.

Бавария осылайша финалдық ысқырықтан кейін қолдарын жоғары көтеріп сегізінші чемпионатты қарсы алды. Стадионда жанкүйерлер болмады, ал кубокты ешкім Фликтің командасына тапсырмады. Мюнхендіктер күміс салат ыдысын тек 34-ші тур - Вольфсбургтегі матч аяқталғаннан кейін алады.

Ернар Ламқадыров