Жарнама
Жарнама

«Бавария» «екінші Погбаны» сатып алу үшін ресми ұсыныс тастады

21.03.2022, 21:18
Мюнхендік клуб жас ойыншы үшін 25 миллион еуро ұсынды.
Жарнама
Жарнама

«Бавария» жартылай қорғаушы Райан Гравенберхті сатып алу үшін «Аяксқа» ұсыныс жасады, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Мюнхендік клубтың өкілдері ойыншының агенті Мино Райоламен кездесіп, жеке келісім-шарт мәселесін талқылады, содан кейін «Аяксқа» трансферлік ұсыныс жіберген.

«Бавария» жас ойыншы үшін 25 миллион еуро төлеуге дайын, ал амстердамдық клуб көп ақша талап етуде.

«Баварияның» спорттық директоры Хасан Салихамиджич 19 жастағы футболшының ойынын тамашалау үшін Амстердамға келіп, «Бенфикамен» (0:1) болған матчқа қатысқан болатын.

Еске салайық, Гравенберх - «Аякс» академиясының түлегі. Жартылай қорғаушы осы маусымда Нидерланды чемпионатында 25 ойынға қатысып, 2 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. Гравенбергтің амстердамдық клубпен келісім-шарты 2023 жылдың маусымында аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров