Жарнама
Жарнама

«Бавария» - Германия Суперкубогінің иегері

31.07.2022, 15:23
Мюнхендік клуб оныншы рет аталмыш трофейді жеңіп алды.
Жарнама
Жарнама

«Бавария» Германия Суперкубогі үшін болған ойында «РБ Лейпцигті» 5:3 есебімен жеңді.

Мюнхендік клуб сапында Джамал Мусиала, Садио Мане, Бенджамин Павар, Серж Гнабри және Лерой Сане гол соқса, «РБ Лейпциг» құрамында Марсель Хальстенберг, Кристофер Нкунку және Дани Ольмо көзге түсті.

Осылайша, «Бавария» 10-шы рет ел Суперкубогін жеңіп алды. Бұл Германия тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Ал «РБ Лейпциг» өз тарихында алғаш рет осы трофей үшін күресті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров