Жарнама
Жарнама

«Бавария» команда көшбасшысымен келісім-шартты ұзартпақ

19.04.2022, 00:27
Футболшы үш жылдық келісім-шартқа қол қояды.
Жарнама
Жарнама

Мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушы Томас Мюллермен келісім-шартты ұзарту туралы мәмілеге келді. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, 32 жастағы неміс футболшысы 2025 жылға дейін жарамды жаңа келісім-шартқа қол қояды.

Мюллер - «Баварияның» түлегі. Transfermarkt ойыншының нарықтағы құны 25 миллион еуроға бағалауда. Жартылай қорғаушының командамен қазіргі келісім-шарт мерзімі 2023 жылы аяқталады.

Мюллер осы маусымда Бундеслиганың 29 ойынға қатысып, 7 гол соқты, 19 нәтижелі пас берді.

2010 жылдан бері футболшы Германия құрамасына шақыртылып келеді. Команда үшін 110 матч өткізіп, 42 гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров