«Баварияның» бірнеше ойыншысы бас бапкер Юлиан Нагельсманның тактикалық шешімдеріне күмәнмен қарауда. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.
Инсайдерлердің айтуынша, мюнхендік клубтың бірнеше ойыншысы сенбіде «Штутгартпен» болған тең ойыннан (2:2) кейін бапкердің кінәні өз мойнына алудың орнына, футболшыларды айыптағанына ренжіген.
Айта кетейік, «Бавария» осы маусымда үшінші рет қатарынан тең ойын өткізді. Бұған дейін Нагельсманның командасы «Боруссия Менхенгладбах» (1:1) және «Унион» (1:1) клубтарымен ұпай бөліскен болатын.
Бундеслиганың алты турынан кейін «Бавария» 12 ұпаймен үшінші орында келеді. «Фрайбург» 13 ұпаймен екінші орынға, ал «Унион» 14 ұпаймен көш басына шықты.
Біздің серіктес: FONBET