Бүгін, 23 сәуірде мюнхендік «Бавария» Бундеслиганың 31-туры аясында дортмундтық «Боруссияны» 3:1 есебімен жеңді.
Осы жеңістің арқасында «Бавария» мерзімінен бұрын Германия чемпионы атанды. Мюнхендіктер 31 турдан кейін 75 ұпай жинаса, екінші орында тұрған «Боруссия Дортмундта» 63 ұпай бар.
«Бавария» өз тарихында 32-ші рет Германия чемпионы атанды. Мюнхендік клуб Бундеслигада қатарынан 10-шы рет топ жарды. Осылайша, Юлиан Нагельсманн баптайтын команда А сериясында қатарынан 9 рет жеңіске жеткен туриндік «Ювентустың» рекордын жаңартты.
Франциядағы рекорд Лига 1-де қатарынан жеті рет жеңіске жеткен «Лионға» тиесілі. Ал Испанияда «Реал Мадрид» қатарынан бес мәрте чемпион атанды. Ағылшын командаларының ішінде төрт клуб қатарынан үш титулға ие болды, олар: «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль», «Хаддерсфилд Таун» және «Арсенал».
Қалған үш турда «Бавария» «Майнц», «Штутгарт» және «Вольфсбургке» қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET