Жарнама
Жарнама

«Бавария» «РБ Лейпцигтің» көшбасшы ойыншысын арзан бағаға сатып алды

31.08.2021, 01:49
Футболшы келесі жазда еркін агент атанатын еді.
Жарнама
Жарнама

«РБ Лейпцигтің» жартылай қорғаушысы Марсель Забитцер «Баварияға» ауысты.

Австрия құрамасының ойыншысы мюнхендік клубпен 2025 жылға дейін келісім-шарт жасасты. Марсель жаңа командасында 18-ші нөмірмен ойнайтын болады. Ал трансфер құны небәрі 16 миллион еуроны құрады.

Бұған дейін Забитцердің «РБ Лейпцигпен» келісім-шартты ұзартудан бас тартқаны туралы хабарланған болатын. Өткен маусымында Забитцер Бундеслиганың 28 матчына қатысып, сегіз гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров