Жарнама
Жарнама

«Бавария» шабуылшысы Бундеслига рекордын жаңартты

11.09.2022, 12:24
17 жастағы шабуылшы мюнхендік клубтағы дебюттік голын соқты.
Жарнама
Жарнама

«Штутгартқа» қарсы ойында (2:2) мергендігімен көзге түскен мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Матиас Тель Бундеслигада гол соққан ең жас (17 жас 136 күн) футболшы атанды.

Матчтың 36-минутында Тель қорғаушы Альфонсо Дэвистің пасын сәтті пайдаланып, қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Ол сонымен қатар «Баварияның» негізгі құрамынан шыққан ең жас ойыншы ретінде таризқа енді.

Тель Францияның 17 жасқа дейінгі құрамасында ойнайды, осы жазда ол «Ренннен» мюнхендік клубқа ауысқан болатын. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының құны 20 миллион еуроны құраған. Матиастың «Бавариямен» келісім-шарты 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін жасалған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров