Сенбіде "Альянс Арена" стадионы ЛГБТ қозғалысын қолдау белгісі ретінде кемпірқосақ түстеріне боялады.
Акция "Кристофер-стрит" күні аясында өтеді.
«Биыл Кристофер-стрит күнінің ресми шеруі болмайды, бірақ коронавирус гомофобия мен дискриминацияға қарсы қозғалысты тоқтата алмайды. «Бавария» бұл қозғалысты тағы да қолдайды. Кемпірқосақтың туы - толеранттылық пен құрметтің ресми белгісі», - делінген клубтың ресми сайтында жарияланған хабарламада.
«Біз әрдайым төзімділік пен әртүрлілікті құрметтеудің үлгісін көрсетуге тырысамыз, сонымен қатар нәсілшілдік пен гомофобияға қарсы тұрамыз. Футбол - біріктіруші элемент. Космополиттік клуб ретінде біз бұл қозғалыстарға сөзсіз келісеміз», - деді Мюнхен клубының бас директоры Карл-Хайнц Румменигге.
Біздің серіктес: FONBET