Мюнхендік «Бавария» «Барселонаның» шабуылшысы Усман Дембелемен келіссөздер жүргізуде. Оның испаниялық командамен келісім-шарты осы маусымның соңында аяқталады, деп хабарлайды L'Equipe порталы.
Дереккөздің мәліметінша, қазіргі Германия чемпионы «Барселонаның» қаржылық жағдайының нашар екенін пайдаланып, Дембелені қатарларына қосқысы келеді. Мюнхендік клуб француз шабуылшысы үшін маусымдық жалақысы 18 миллион еуроны құрайтын төрт жылдық келісім-шарт дайындап жатыр.
Бұған дейін ПСЖ клубының Дембелемен 2022 жылдың қаңтарынан бастап келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. «Барселона» да шабуылшыны командада қалдырғысы келеді.
Дембеле 2017 жылдан бері «Барселона» сапында доп теуіп жүр. Ол осы маусымда 31 ойынға қатысып, 2 гол мен 13 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Біздің серіктес: FONBET