Жарнама
Жарнама

«Бавария» жаңа бас бапкермен келіссөздер жүргізуде

26.04.2021, 17:58
«РБ Лейпциг» жас бапкерді тегін жібергісі келмейді.
Жарнама
Жарнама

Мюнхендік "Бавария" "РБ Лейпциг" басшыларымен 33 жастағы бас бапкер Юлиан Нагельсманның келісім-шартын сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Goal басылымы.

Алайда "РБ Лейпциг" бас бапкерге төленетін өтемақы бойынша жаңа рекорд орнатуды және "Бавариядан" 30 миллион еуро алуды жоспарлап отыр. Sport1 журналисті Патрик Бергердің хабарлауынша, Нагельсманның өзі басшылыққа мюнхендік клубқа кеткісі келетінін хабарлаған. Алайда, "РБ Лейпциг" бұған жауап ретінде бапкердің өтемақы мөлшерін 15-20 миллион еуродан 30 миллион еуроға дейін көбейтті. Өйткені Юлианның 2023 жылдың жазына дейін жарамды келісім-шарты бар.

Нагельсманн жаттықтыратын "РБ Лейпциг" 31 турда 64 ұпай жинап, Бундеслиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров