Жарнама
Жарнама

«Бавариядан» бақ тайған секілді

08.10.2018, 19:07
Жарнама
Жарнама
Бундеслигада соңғы 6 жылдан бері бас бәйгені ешкімге ұстатпаған команда биылғы маусымды ала-құла бастады. Өткен турларда тең ойынды қанағат тұтқан чемпиондар бұл жолы оңбай ұтылды. «Бавария» жетінші турда Менхенгладбахтың «Боруссиясын» қабылдаған еді. "Алянц Аренаға" жиналған 75 мың көрермен Мюнхендік футболшылардың шарасыздығына куә болды. 10-шы минутта Алассан Плеа есеп ашты. Араға бес минут салып, Ларс Штиндль нтәижене еселей түсті. «Баварияның» азуы қайта бастағанын сезген қонақтар 88-ші минутта Нойер қақпасын тағы бір мәрте дәл көздеді. Ойынға тыңнан қосылған Патрик Херманн үшінші голдың авторы атанды. Қорытынды есеп:0:3. «Боруссия» 14 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Бавария» 13 ұпаймен бесінші орынға сырғыды. Топ басына 17 ұпаймен Дортмундың «Боруссиясы» келеді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров