«Баварияға» қош келдің, Сане!

01.07.2020, 05:47
«Бавария» дегеніне жетті-ау ақыры. «Манчестер Сити» жаңа ойыншы іздей беруі керек.

Лерой Сане Мюнхендік «Баварияның» жаңа ойыншысы ретінде келісімшартқа өте жақын арада қол қояды, деп хабарлайды Фабрицио Романо.

«Бавария» мен «Манчестер Сити» арасында ойыншыны 50 миллион евроға сатып алу туралы келісімге қол жеткізілді. Саненің жаңа келісімшарт мерзімі 2025 жылдың маусымына дейін есептелген.

Сонымен қатар Танги Куасси де медициналық тексерістен өтуін аяқтап, «Баварияға» еркін агент ретінде ауысты. Осылайша "Баварияның" үздік мәмілелері аяқталды.