«Баварияны» кім тоқтатады?

Ханс Дитер Флик жарты жыл ішінде өз есімін «Бавария» клубының тарихына жазып үлгерді.

«Бавария» осы маусымда кездескен қарсыластарын аямауда. Флик шәкірттері көптеген рекордтарды жаңартты, бірақ ең бастысы - Чемпиондар лигасы.

Барлық турнирлерде 158 гол соқты

Клуб тарихындағы жаңа жетістік. Бұған дейінгі рекорд шамамен 50 жыл бұрын болды. 1972/73 маусымда Мюнхендік клуб 152 гол соққан. Жаңа рекорд Чемпиондар лигасының ширек финалында Барселонаны 8:2 есебімен жеңгеннен кейін пайда болды.

Бундеслигадағы 30 матчта 90 гол

6-шы маусымда Флик командасы неміс лигасының гол рекордын орнату үшін "Байерден" (2:4) жеңген болатын.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде 8 гол соқты (бір матчта)

"Бавария" УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалында "Барселонаға" сегіз гол соқты, осылайша Флик шәкірттері плей-офф матчында ең көп гол соққан алғашқы командаға айналды. Жақын уақытта бұл рекордты басқа команда бұзуы мүмкін емес.

Чемпиондар лигасының бір маусымында 42 гол

«Тоттенхэмге» жеті гол, «Барселонаға» сегіз гол - міне, бұл жаңа рекорд. Бір маусымда 42 гол салу - бұл неміс командасы үшін жаңа белес болып табылады. «Бавария» бұған дейін бір маусымда еуропалық жарыста бірде-бір рет осы көрсеткішке жете алмаған.

Соңғы 9 жылда 7 рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

Бұл нәтижеге қарамастан немістер финалда сирек ойнайды (соңғы рет 2012/2013 маусымда ойнаған). Сол финалда клуб «Боруссияны» жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды (2:1).

Бундеслигадағы мүмкін болған 51 ұпайдан 49 ұпай жинады

Мүмкін болған 51 ұпайдың 49 ұпайын жинаған «Бавария» Бундеслига тарихындағы рекордты қайталады, Юпп Хайнкестің командасы да 2012/13 маусымда 49 ұпай жинаған болатын.

Бундеслиганың бір айналымында мүлдем жеңілген жоқ

"Бавария" өз тарихында үшінші рет Бундеслиганың екінші айналымын бірде-бір жеңіліссіз аяқтады (алдыңғы екеуі - 1986/1987 және 2012/2013 жылдары). "Айнтрахт" та осы рекордты жасаған командалардың қатарында (1976/1977 маусымда) және "Боруссия Дортмунд" (2011/2012) клубы да солай істей алды.

Бундеслигада қатарынан 13 жеңіске қол жеткізді.

Бұл Германия чемпионатындағы жаңа рекорд. Аллыңғы рекорд «Боруссия Мёнхенглабах» клубына тиесілі болған - 1986/1987 маусымда қатарынан 10 жеңіс.

Бундеслига титулдарының 50% -ып жеңіп алды

2020 жылы "Бавария" Бундеслига басталғаннан бері өзінің 30-шы лига титулын жеңіп алды. Қалған клубтартың бәрі қосылып жүріп 28 кубоктың иегері атанған екен.

Мюллер Бундеслигада 21 голдық пастың авторы атанды

Германия чемпионатының 30-турындағы матчта Томас Мюллер екі нәтижелі пас берді, осылайша ол чемпионатта 21 голдық пастың авторы атанды - бұл жаңа рекорд.

Мюллердің Чемпиондар лигасындағы 114 ойыны

30 жастағы ойыншы үшін "Лионға" қарсы матч Чемпиондар лигасындағы 114-ші кездесу болды. Бұл неміс футболшыларының ішіндегі ең жақсы көрсеткіш.

Требл саны бойынша «Барселонаны» қуып жету қалды

2015 жылы «Барселона» екінші рет требл жеңіп алған әлемдегі бірінші команда атанды. «Бавария» бір рет қана требл жеңіп алған - 2012/2013 маусымда немістер Германия чемпионатын, Германия кубогын және Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Бұл маусым екінші рет требл жасау үшін керемет мүмкіндік.

Чемпиондар лигасының финалында "Бавария" "ПСЖ" клубымен кездесетін болады. Бұл финалда қай клуб жеңсе де тарихта требл жеңіп алған клуб ретінде қалады.