Портудағы жеңілістен кейін «Бавария» басшылығы клубтық дәрігерлерін қызметінен босатты.
Мюнхендік клубтың бас бапкері Гвардиоланың айтуынша, Портудағы жеңіліске клубтың дәрігерлері кінәлі. Осылайша, командада қырық жылдан астам жұмыс істеген бас дәрігер Ганс-Вильгельм Мюллер-Вольфарт пен оның көмекшілері өз орындарын босатуға мәжбүр болды.
Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар лигасының ширек финалының бірінші матчында «Бавария» сырт алаңда «Портудан» 3-1 есебімен ұтылған болатын.