«Баварияның» тұрақты чемпион болуының сыры неде?

Германияның алмастырылмайтын чемпионы ешқашан берілмейді.

Сізге ұнайды ма, жоқ па, бірақ Бундеслига 26 мамырда Йозуа Киммих «Боруссияның» қақпашысы Роман Бюркиге гол соққан кезде аяқталған. Жеті ұпай айырмашылық - чемпион болуға еш кедергісін келтірмеді. Алда тағы төрт матч бар еді, соншалықты қызықты көрінген чемпионаттың жеңімпазы кім болатыны сол кезде-ақ түсінікті болған. Ешқандай керемет болған жоқ.

Естеріңізде болмауы мүмкін, бірақ бұл "Баварияның" қатарынан сегізінші чемпиондығы. Ия, қатарынан! Тіпті "Бавария" да мұндай жетістікке сенбейді. Олар бұрын соңды үш жыл қатарынан ғана чемпиондық жеңіп алған (1972-74, 1985-87, 1999-2001). 8 рет қатарынан чемпион болып көрмеген еді.

Бұл қалай болғаны? Бундеслига қалайша бір команданың лигасына айналды?

Патша болу жақсы. УЕФА-ның жақында жасаған есебінде 2018 жылы Еуропадағы 11 клубтың 400 миллион доллардан астам пайда тапқаны анықталды. "Бавария" - бұл жағынан Германиядағы жалғыз клуб.

Әрдайым жеңіске жететін басқа клубтардың қатарында жыл сайын Италия чемпионы болып келе жатқан «Ювентус», Францияда "ПСЖ", ал Испанияда "Барселона" мен "Реал" жыл сайын титул алмасып келеді, Англияда чемпион болып жүрген бірнеше клубтар бар. Англия Премьер-лигасы - жер шарындағы ең бай лига екендігі таңқаларлық емес. Мұнда «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль», «Челси», «Арсенал» және «Тоттенхэм» үлкен табыстарымен мақтана алады. Дәл сол себепті Премьер-лигада күтпеген команда чемпион болып қала береді.

Тұрақтылықтың сыры неде?

Бавария әрқашан жеңіске жетеді - бапкердің жиі ауысуына қарамастан. Бірқатар жеңістер Юпп Хайнкестің кезінде басталды, бірақ ол 2013 жылы кетіп, соңғы треблді жеңіп алып берді. Келесі үш жылды мұнда Пеп Гвардиола басқарды, оны Карло Анчелотти ауыстырды, ол чемпионатты жеңіп алды, бірақ Чемпиондар лигасындағы сәтсіз ойыны үшін оның орнын Нико Ковач алмастырды. Енді Ханси Флик жеңіске жетті, ол бас бапкер болуға лайықты екенін дәлелдеді.

Клубта көптеген өзгерістер болды, бірақ команда әлі де өзіне сенімді. 2012/13 маусымда Мануэль Нойер, Джером Боатенг, Томас Мюллер, Дэвид Алаба және Хави Мартинес ойын уақытының 32%-ын алды. 2019/20 жылдары бұл көрсеткіш құлдырады - 30%. 31 жасқа толған Мартинес пен Боатенг жақында кетуі мүмкін, бірақ Нойер мен Мюллер жаңа келісімшарттарға қол қойды. Алабаның келісімшарты күмән тудырады. Жыл сайын құрамда өзгерістер болады, бірақ бұл маңызды емес.

Қарсыластардың жиі жіберетін қателіктері

Кез-келген спортта тосынсыйлар болады. Кез-келген спортта ортаңқол команда чемпиондық жарыстарға түсіп, фавориттердің көзін құрта алады.

2015/16 маусымын еске түсіріңізші, ол кезде "Лестер" өз тарихындағы ең үздік құрамға ие болды, ал оның бәсекелестері шатасып, жинала алмады. «Манчестер Юнайтед» Сэр Алекссіз футбол ойнауды ұмытып қалды, Клопп «Ливерпульге» енді келген болатын, «Челси» дағдарысқа ұшырады, «Арсенал» мен «Тоттенхэм» өте әлсіз болды. Осылайша, «түлкілер» спорт тарихындағы таңқаларлық жеңістердің біріне қол жеткізді. Бірақ егер олардың жетістіктері екі жыл кеш болса, онда ол сәтсіз болар еді.

EloFootball.com веб-сайтының хабарлауынша, Дортмундтық «Боруссия» 2012/13 маусымда чемпион атанып, өзінің шырқау шыңына жетті. Чемпиондар лигасында барлығын жеңді, топтық кезеңде «Реал», «Аякс» және «Манчестер Сити» Клопп шәкірттерінен жеңіліс тапты . Жартылай финалда «Реал Мадрид» тағы да жеңілді, бірақ финалда оларды «Бавария» күтіп тұрған еді - тарихтағы ең мықты құрамымен. Қарапайым тілмен айтқанда, «Баварияның» ең жақсы құрамы сол жылғы «Боруссияның» құрамынан мықты болды. Кейінірек Мюнхендік клубтың әлсіздіктері пайда болды, бірақ оның бәсекелестері ешқашан тұрақты ойнай алмады. Аң жараланған кезде, оны ешкімнің пайдалануға батылы жетпеді. «Байер 04», «Вольфсбург», «Боруссия М» және «Шальке 04» енді жақсы ойнай бастаған кезде, «Баварияны» Пеп Гвардиола басқарып тұрды. Ал, мұндай жағдайда не істей аласың?

2016/17 маусымының басында "Бавария" құрамы керемет болып көрінбеді. Олардың айтуынша, бұл тым тұрақты құрам болды, онда Арьен Роббен, Франк Рибери және Рафинья сияқты қариялар көп болды. 30 жастан асқан футболшылар 2013 жылғы ойын уақытының тек 14%-ын алды, бірақ 2016/17 жылы олар ойын уақытының 37%-ын, ал 2018/19 жж. - 40%-ын құрады. Мюнхендіктер енді жеңілмейтін күш деп есептелмеді, бірақ олар ең осал клуб болған кезде, «Боруссия» да сәтсіз ойнап кетті. Лиганың барлық өкілдері нашар ойын көрсетті. Еуропалық жарыста да «Бавария» қиыншылыққа тап болған кезде бүкіл Германиялық клубтар да еурокубоктарда сәтсіз ойынымен көзге түскен болатын.

Осы маусымда «Боруссия» тағы да керемет клуб екенін көрсетті, сонымен қатар "РБ Лейпциг" те жақсы ойын көрсете алды. EloFootball рейтингісінде Дортмундтық команда жетінші орында (клуб 2013 жылдан бері жетінші орыннан көтерілмеген), ал «бұқалар» өз тарихындағы сегізінші, ең жоғары орынға ие болды. Ал Бавария болса... Бавария - бірінші орында. Флик қараша айынан бастап команданы баптай бастады, ал желтоқсан айының басынан бері команда мүлде ұтылған жоқ. Қаңтарда «Боруссияның» құрамында айтарлықтай өзгерістер болды - командада сенсациялық шабуылшы Эрлинг Холланд пайда болды, нәтижелері де жағымды болды. Бірақ «Бавария» әлі де мықты болды. Тамыз айында Чемпиондар лигасы оралғанда, «Бавария» "Ситимен" бірге фаворит болып саналады. Қазіргі құрамымен "Боруссия" мен "Лейпциг" "Баварияның" 2018 немесе 2019 жылдардағы чемпиондығынан айыруға болар еді, бірақ 2020 жылы емес.

Енді бұл қанша уақытқа созылады?

Шынымды айтайын ба? Әлі ұзақ. "Бавария" құрамды біртіндеп жаңартуда, Роберт Левандовски, Мануэль Нойер, Томас Мюллер және Тиаго Алкантара бұдан былай жақсы ойнамауы мүмкін, бірақ болашақта оларды ауыстыруға дайындалып жатқан ойыншылар жеткілікті. Йозуа Киммих, Серж Гнабри, Альфонсо Дэвис, Кингсли Коман, Леон Горецка, Бенджамин Павар, Лукас Эрнандес және Никлас Зюле әлі жас. Басқалары да бар! «Боруссия» Холландты командада қалдыра алса ғана мықты формасын сақтай алады, ал "Лейпциг" инфрақұрылымды жақсарту жұмысын жалғастыра береді, дегенмен Вернерден айырылу оларға қатты соққы болып тиеді. Бірақ "Баварияның" ең жақсы итерациясы әрқашан бәрінен күшті болады. Сондықтан да "Баварияның" әлсіреуін күту үшін өте көп уақыт кететін секілді...