Швейцариялық «Базель» командасының бас бапкері Патрик Рахмен Конференция лигасының топтық кезеңіндегі «Қайратпен» болған ойынға (3:2) қатысты пікір білдірді.
- Екінші таймның ортасында бірден үш ауысым жасадыңыз. Бұл солай жоспарланды ма, әлде 1:2 есебімен жеңіліп жатқандықтан солай істедіңіз бе?
- Жоспарланған жоқ. Ойын барысында шешім қабылдадық. Қосалқы құрамнан шыққан ойыншылар өз үлестерін қосты. Біз есепте жеңіліп жатқанымызбен, оған қарсы әрекет ете білдік.
- «Қайрат» Базельдегі бірінші матчтан әлдеқайда жақсы ойнады деп айта аласыз ба?
- Иә, бәрі біз күткендей болды. «Қайраттың» Конференция лигасындағы барлық ойындарын тамашаладым. Команда жақсырақ ойнады. Менің ойымша, «Қайрат» «Карабахпен» болған ойында жеңіске жетуі мүмкін еді.
- Кешегі кездесуде «Қайрат» сіздерді жеңе алмады...
- «Қайрат» матч барысында екі рет есепте алға шықты. Алдымен - 1:0, содан кейін - 2:1. Бізге өте қиын болған бірнеше сәттер болды. Бұл матчта біз жасаған ауысымдар тиімді болды деп ойлаймын.
- Командаңыздың дайындығын тамашаладық. Біз сіздердің допты өте жақсы басқара алатындарыңызды байқадық, бұл өз кезегінде қорғанысты ашуға мүмкіндік берді.
- Біз жаттығуда жасағанымыздың бәрін ойынға енгізуге тырыстық. Қонақжайлылығыңыз үшін алғыс айтқым келеді. «Қайрат» командасына сәттілік тілейміз.
Біздің серіктес: FONBET