BBC Sport-тың бас тілшісі Джордж Аддо BorodAbata.kz (AS News) басылымына берген сұхбатында Батыс медиасының алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуын қалай қабылдағанын айтты.
"Менің ойымша, бұл нағыз таза ауа жұтқандай әсер қалдырды. Соңғы рет біз Чемпиондар лигасында Қазақстандық клубты "Астана” түрінде көргенбіз олар туралы елдер көбірек біледі. Ал "Қайрат" кенеттен көлеңкеден шыққандай болды, көп адам олардың қандай жұмыс атқарғанын байқамады. Реакция шамамен былай болды: "Бұл қандай клуб, неге қабілетті?” Адамдар олардың тарихын естіп, сіз секілді қазақ журналистерімен сөйлесіп, даму жолын білгенде "Қайратты” бағалай бастады.” – деді Аддо.
Біздің серіктес: FONBET