Жарнама
Жарнама

BBC сайты «Селтикке» қауіп төндіретін қазақстандық футболшыны атады

20.08.2025, 15:00

Бүгін, 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні, Астана уақытымен 00:00-де Чемпиондар лигасының плей-оффында «Селтик» пен «Қайрат» кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Бұл матчқа байланысты әйгілі BBC сайты арнайы мақала арнап, «Селтикке» қауіп төндіруі мүмкін футболшылар туралы жазды.

Дастан Сәтпаев «Челсиге» ірі трансфер жасауға үміттеніп отыр. Алайда ФИФА ережелеріне сәйкес, ол тек келесі жылы ғана Лондонға ат басын бұра алады.

Биылғы маусымда Сәтпаев «Қайрат» сапында 22 матчқа қатысып, олардың 13-інде гол соқты. Оның ішінде үш голды іріктеу кезеңінде тіркеді. Бойы небәрі 165 см болса да, ол болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы ретінде мойындалып, қазірдің өзінде ұлттық құраманың негізгі футболшысы саналады.

Командадағы тағы бір маңызды ойыншы – Беларусь құрамасының өкілі Валерий Громыко. Ол алдағы Әлем чемпионатының іріктеу матчы аясында Венгрияда өтетін Шотландияға қарсы кездесуге қатысуы ықтимал.

Алайда «Селтик» үшін матчтан қарағанда, тек ұзақ жол ғана қиындық туғызуы мүмкін. Себебі, Каллум Макгрегор мен Джеймс Форрест соңғы рет Қазақстанға 2019 жылы келіп, шотландтар 0:3 есебімен масқара жеңіліске ұшыраған еді.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: