Жарнама
Жарнама

Бэйл неліктен «Манчестер Ситимен» болатын ойынға шақыртылмады?

07.08.2020, 15:35
Маңызды матчтарда Бэйлдің көп көмегі тиер еді.
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан «Манчестер Сити» командасымен Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екінші матчына шабуылшы Гарет Бэйлдің неге шақырылмағанын түсіндірді.

«Бэйл - «Реал» ойыншысы. Бірақ ол «Ситимен» ойнамауға шешім қабылдады», - деді Зидан

Кездесу Англияда бүгін, 7 тамызда өтеді. Алғашқы матч 1:2 есебімен "Реалдың" ұтылуымен аяқталды. Испания чемпионатының аяқталған маусымында «Реал» чемпион атанды, Гарет Бэйл 16 матч өткізіп, екі гол соқты және екі голдық пас берді.

Бэйл мен Зидан арасындағы жанжал бірнеше рет айтылған болатын. Сонымен қатар, жанкүйерлер Гаретті маусымның ең нашар ойыншысы деп таныды. Шабуылшының келісімшарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін және Бэйл тегін кете алады.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров