Жарнама
Жарнама

Бекзат Бейсенов, («Қайрат» командасының жартылайқорғаушысы): Талантты футболшы – ол әрқашан көрініп тұрады

17.11.2010, 05:51
Жарнама
Жарнама
Биылғы біріншілік аяқталысымен біз премьер-лигадағы жас футболшылармен сұқбаттасуды ойладық. Олардың өткен маусымдағы хал-ахуалы мен тыныс-тіршіліктері бізді алаңдатпай қоймады. Ертеңгі қазақ футболы үшін жасалынып жатқан игі реформалар өз жемісін беруде ме? Осы төңіректегі мәселелерді сөз етісіп «Ордабасы» командасының жартылайқорғаушысы Бекзат Бейсеновпен сұқбаттасқан едік. –       Бекзат, өзіңді алдымен «Футбол.кз» сайтының оқырмандарына таныстыра кетсең? –       Мен соңғы екі-үш маусым бойы «Ордабасы» командасында ойнап келдім. Үлкен футболға енді аяқ басып араласып келе жатқан жастардың бірімін. Жартылайқорғаушымын. Биыл «Қайрат» сапында өнер көрсеттім. –       Биылғы біріншіліктегі жасыл алаңға шыққан ойындарыңды санасам бір қолдың саусағынан асар емес. Осының себебі неде? Бапкерлер жассың деп алаңға шығармайтын шығар? –       Алаңға көп шықпағаным ол әрине бапкердің шешімі. Екіншіден командада жас мөлшерлері шектеуліге саналатын екі футболшы ойнайды. Ал менің жасым 21-ден асып кеткен. Былайша айтқанда «лимитчик» емеспін. –       Футбол одағының енгізген «лимит» секілді бағдарламасы дұрыс па? Сен енді жастардың арасында жүрген соң ол туралы көп білуің керек? –       Ол бағдарлама басында жақсы етін. Қазір қайдам. Біздің жастарда оның қулығын біліп алды ғой қазір. Талантты шын мықты футболшы болса ол әрқашан өзі-ақ көрініп тұрады. Біздің қазақстандағы бапкерлердің оны анықтайтындай шамалары бар. Алыстан көріп-ақ кімнің не ойнап жүргенін айта алады. –       Өзіңнің футболшы ретінде қандай кемшіліктерің бар. Және қандай ойыншы болғанды қалайсың? –       Мен негізінен жартылайқорғаушы болғандықтан аса үлкен жылдамдық керек деп ойлаймын. Содан кейін техникалық жағынан әлі де өсу қажет. Ал болашақта ойынды көре білетін, матчтың тағдырын шеше алатындай футболшы болуды көздеймін. Ол үшін жаттығу керек, тек қана жаттығу керек. –       Қазіргі қатарластарыңның арасында мықты, талантты деп кімдерді атар едің? –       Бізде таланттылар жеткілікті. Ал ойынға шығып өздерін толықтай көрсетіп жүрген ол командаласым Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Ұлан Қонысбаевтар. –       Әңгімеңе рахмет!
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Болжам бұрыш