Жарнама
Жарнама

Беларусь бапкері: «Біз Қазақстанды жақсы білеміз, олар да бізді жақсы таниды»

10.06.2022, 17:12
Бүгін Кондратьевтің командағы болашағы айқындалады.
Жарнама
Жарнама

Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев Қазақстанға қарсы өтетін матч жайлы ойымен бөлісті.

- Командадағы көңіл-күй қалай?

- Қалыпты. Жаттығу жұмыстары жүріп жатыр. Біз екі матч өткіздік, енді үшінші матчқа дайындалып жатырмыз. Ойындар арасында үш күн демалыс болды, сондықтан қалыпқа келуге тағы біраз уақыт болды. Барлығы жұмыс жасауда.

- Қарсылас туралы не білесің?

- Қазіргі заманда ешкімнің құпиясы жоқ. Сіз барлық ойындарды, нәтижені көре аласыз. Біз оларды өте жақсы білеміз, олар да бізді таниды деп ойлаймын. Қажет ақпараттың бәрі жігіттерге берілді.

- Тығыз кестені ескерсек, құрамда тағы да өзгерістер бола ма?

- Иә, әсіресе бүгін үлкен өзгерістер болады.

- Павел Павлюченко Әзірбайжан құрамасына қарсы ойында сәтті өнер көрсетті. Бүгін де оған қақпаны сеніп тапсырасыз ба?

- Павел жақсы ойнады, сондықтан оны ауыстыруға ешқандай себеп жоқ.

- Топта Қазақстан көш бастап келеді, бірақ біз олардан ешқашан жеңілмегенбіз. Бұл командаға сенімділік бере ме?

- Әрбір ойын - жаңа тарих. Өткенде болған оқиға енді ешкімді қызықтырмайды. Шынымды айтсам, бұрын олармен қалай ойнағанымызды да білмеймін. Қазір олардың құрамы басқа. Ойын кезінде қалай болатынын көре жатармыз.

- Бір аптада Нови Садқа бейімделіп үлгердіңіз бе? Мұндағы жағдайға көңіліңіз тола ма?

- Шынымды айтсам, мен қаланы араламадым. Бұған дейін де бұл жерде болмағанмын. Ал мұндағы жағдай бізге толығымен сәйкес келеді. Барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырған сербиялық әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Жаттығу мен ойын алаңының да жағдайы жақсы, сондықтан бұл жағынан сұрақтар туындамайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров