Жарнама
Жарнама

Беларусь клубы құрамын Қазақстандық ойыншымен толықтырмақ

Бүгін, 07:35

Беларусь Жоғары лигасының дебютанты “Барановичи” жаңа маусым алдында құрамды күшейтуді бастап кетті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ухо телеграм арнасының мәліметінше, қазіргі таңда команданың оқу-жаттығу жиынында 19 жастағы Қазақстандық Алдияр Алтаев қаралымнан өтіп жатыр.

Алдияр Алтаев деген кім?

Жас шабуылшы — Елордалық “Астана” футбол клубының тәрбиеленушісі. 

Алайда ол Қазақстан Премьер лигасындағы алғашқы қадамдарын Қостанайлық “Тобыл” сапында жасаған. Алдиярдың соңғы клубы — Бірінші лигада өнер көрсеткен “SD Family” ұжымы. Енді талантты футболшы карьерасын шетел чемпионатында жалғастыруға жақын.

“Барановичи” басшылығы Алдияр Алтаевтың әлеуетін бағалап, жақын арада келісімшарт бойынша нақты шешім қабылдамақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров