Өткен маусымда чемпион болған “Макслайн” колумбиялық ардагер ойыншы өнер көрсетпейтін болды.
Витебск ұжымы Радамельдің агентімен трансфер жайында шын мәнісінде келіссөз жүргізген екен. Көптеген беларусь таблоидтары бұны пиар-қадам ретінде қарастырған. Алайда басшы Артем Леонов колумбиялық форвардтығ 20-25 мың еуро жалақыға ойнап беруге келісім бергенін тілге тиек етті. Бірақ соңғы сәтте “Макслайн” жасы 40-тағы футболшының орнына жас потенициалы жоғары аяқдопшы алуға бекінген.
Жалпы “жолбарыс” лақап аты бар Фалькао футболдағы жолын сонау 1996 жылдан бері жалғап келеді. Ол әр жылдары “Порту”, “Монако”, “Челси”, “Манчестер Юнайтед” және “Атлетико Мадрид” сынды үздік командалардың намысын қорғады.
Айта кетейік, Фалькао ауысуы тиіс “Макслайнда” экс-қайраттық Валерий Громыко ойнайды. Жартылай қорғаушы өткен күндері Беларусь Кубогы финалында “Неманға” жол беріп, жаңа командасындағы алғашқы трофейінен құр қалды.
Біздің серіктес: FONBET