Жарнама
Жарнама

Беларусь құрамасының бас бапкері Қазақстанға қарсы ойынның алдында мәлімдеме жасады

02.06.2025, 21:42

Беларусь ұлттық құрамасының бас бапкері Карлос Алос алдағы жолдастық матчтар туралы баспасөз өкілдеріне пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

– Ресей мен Қазақстанға қарсы ойындарда күшті қалай бөлесіз?
— Ең алдымен жаттығу процесіне сүйенуіміз қажет. Біз бір жерде жұмыс істейміз. Ұшып-қону, жол жүру болмайды. Жаттығуларға бар назар аударылады. Сол арқылы кімнің қанша ойнайтыны анықталады. Қазір нақты құрамды атай алмаймын. Алдымен толық ақпарат жинап, содан соң шешім қабылдаймыз.

Алос жолдастық кездесулер болса да, нәтиженің маңыздылығын атап өтті:
— Иә, бұл тек жолдастық матчтар. Бірақ біз әр кездесуде жеңіске жетуіміз керек. Матчтар біз үшін әлем чемпионатына іріктеу басталмай тұрып, құраманы сынап көрудің соңғы мүмкіндігі болып тұр.

Беларусь құрамасы келесі матчтарын өткізеді:

5 маусым. Қазақстан. «Борисов-Арена» (Борисов қаласы)

7 маусым. Ресей. Минск.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: