Максим Мякиш - “Тобыл” ойыншысы.
2000 жылы Гродно қаласында туған Максим өз мансабында "Неман", "Руор" Минск, БАТЭ, "Славия", "Ислочь", "Торпедо" Жодино және "Динамо" Минск клубтарында ойнады. Ол барлық турнирлерде жалпы алғанда 166 ойын өткізіп, 12 гол мен 5 голдық пас берді. Тіреуіш жартылай қорғаушы өз отанында 3 мәрте Беларусь Кубогы мен 2 мәрте Беларусь Суперкубогын жеңді.
2025 жылдың 5 қыркүйегінде Мякиш Әлем чемпионатының Грекияға қарсы іріктеу кездесуінде өз елі құрамасында дебюттық матч өткізді (5:1, жеңіліс). Ол алаңға Евгений Яблонскиді алмасып кірді.
Айтпақшы, "Тобылдың" Түркиядағы қаралымында 1 Лигада доп тепкен камерундық шабуылшы Стефан Боакен жүр. Ол “Ницца”, “Страсбур” және “Анже” сынды танымал ұжымдарда тәжірибе жинаған.
Біздің серіктес: FONBET