Атақты әнші Макс Корж Орталық стадионда болатын концертіне келмейді.
Бұның себебін, концертті ұйымдастырушы тараптың жұмысқа салғырт қарауымен түсіндіруге болады. 6 қыркүйекте өтуі тиіс іс-шараға аз күндер қалды. Алайда күні бүгінге дейін әншінің концертіне байланысты керекті құжаттар тізімі жауапты мекеме тексерісіне өткізілмеген.
Осыған байланысты Макс Корж Қазақстандағы концертін өткізу құқығынан айырылды.
Алайда ғаламторда беларусь әншісінің концерті үшін нағыз тартыс болып жатыр. Тыңдармандардың кей тобы тіпті ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаппай жүгініп, іс-шараның өтуін талап етуде. Олар тіпті Макс Коржды арнайы көру үшін көршілес мемлекеттен арнайы келетінін де ерекше атап өтті.
Негізінде концерттің болмағаны “Қайрат” ФК оң жамбасына келіп отыр. Себебі, жасыл алаңға әншінің кешінен кейін ешқандай зақым келмейді. Және стадион қызметкерлерінің алматылық команданың Чемпиондар Лигасындағы кездесулеріне осы бастан дайындалуына мүмкіндік береді. Бастысы Джей Ло концертінен кейін “Бунедқордың” қателігі қайталанбайды.
Біздің серіктес: FONBET