Жарнама
Жарнама

Беларусь ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

21.08.2020, 16:24
Соңғы рет Ресей чемпионатында доп тепкен екен.
Жарнама
Жарнама

Беларуссия ұлттық құрамасының қорғаушысы Денис Поляков мансабын Қазақстандық клубта жалғастырады, деп хабарлайды By.tribuna.com.

Бұған дейін футболшы «Шахтер Солигорскке» ауыса алатыны туралы хабарланған болатын. Алайда, кейінірек, ойыншы шетелдік клубтан ұсыныс алды, сондықтан бұл трансфер орын алмайтыны белгілі болды.

Мамыр айында алматылық «Қайрат» 29 жастағы ойыншының қызметіне қызығушылық танытты деген ақпарат пайда болған еді. Наурыздан бастап Поляков клубсыз қалды. Футболшы 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Уралда» өнер көрсетті. Қорғаушы Ресей чемпионатында 28 матч өткізді.

Беларуссияда Поляков Чемпиондар лигасында ойнаған «Шахтер Солигорск» (2012 жылға дейін) және "БАТЭ" (2012-18, 2018-19) командаларында ойнады. Қорғаушы Беларуссия құрамасы үшін 42 матч өткізіп, бір голмен көзге түскен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров