"Паркен" стадионында өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Кешегі өткен ойында Беларусь құрамасында Қазақстан Премьер Лигасының 4 өкілі өнер көрсетті. Алайда олардың арасынан Валерий Громыко ерекшеленді. “Қайрат” жартылай қорғаушысы 62 минутта есепті теңестіріп, араға 3 минут салып Демченкоға голдық пас берді. 70 минут қорытындысы бойынша алға суырылып шыққан бульбаштар есептегі басымдығын сақтап қала алмады. Густав Исаксен 80 минутқа қарай есепті теңестіріп Данияға бір ұпай алып берді.
Соңғы турда кішігірім сенсация жасаған Беларусь құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатынан құр қалып отыр. Карлос Алос Ферер жігіттері С-тобында Дания, Шотландия және Грекиядан кейінгі соңғы орынға жайғасты.
Айтпақшы, кешегі ойынға Беларусь құрамасының капитаны Александр Мартынович қатыспады. Ол ел-класикода алған жарақатынан емделу үшін Қазақстанда қалды.
Біздің серіктес: FONBET