Беларусиялық футболшы "Астанадағы" мансабын жоғары бағалады

25.05.2024, 08:59

"Астана" сапында бірнеше маусым доп тепкен Иван Маевский спорттық мансабы жайлы ойын ортаға салды

Иван Маевский "Астана" сапында

Беларусиялық футболшы үшін ҚПЛ-дегі кезең ерекше қымбат екен. 

"Мансабымның соңы мен қалағандай болмаған шығар. Бірақ біраз клубтар мен елдерде өнер көрсеттім, естеліктер жетерлік. "Астанадағы" кезеңді ерекше айтқым келеді. Бұл командада төрт маусым өткіздім. Біз Қазақстан чемпионы болдық, Еуропа лигасының топтық кезеңінде доп тептік. Жақсы уақыт болды", - деді елордалық клуб пен Беларусия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы.