Қызыл сойқандардың жаттықтырушысы Уэльспен болған қос матчта сары қағаз алды.
Іріктеу турнирінің регламенті бойынша Руди қос сары қағаз кесірінен келесі ойынын жібереді. Ал Бельгияның алдағы кездесуі Қазақстанмен жоспарланған. Сол матчта Руди өз жігіттерін көмекшісі Клод Фишоға сеніп тапсырмақ.
Айта кетейік, Руди Бельгияның бас бапкері ретінде 8 матч өткізіп, соның 5 жеңіп, 2 тең ойнап, 1 жеңілді. Қазір оның командасы Әлем чемпионаты іріктеуінің J-тобында 14 ұпаймен көш бастап тұр.
Еске салсақ, Қазақстан - Бельгия ойыны 15 қараша күні елордасы Астана қаласында сағат 19:00-де өтеді деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET