Жарнама
Жарнама

Бельгия футбол федерациясы: “Қазақстан ФИФА рейтингінде төмен болса да, өте қолайсыз қарсылас”

28.08.2025, 14:00

Бельгия футбол федерациясының ресми сайты 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасына қарсы ойын алдында баспасөз хабарламасын жариялады.

Жарнама
Жарнама

"Қазақстан, мүмкін, топтағы ең мықты команда емес шығар, бірақ оны ешқашан төмен бағалауға болмайды. Өткен жылдың сәуірінен бері құрамаға бас бапкер Али Алиев жетекшілік етіп келеді, ал оның қол астында команда өте қолайсыз қарсыласқа айналды. Тәртіпті әрі қайсар қазақстандықтар ФИФА рейтингінде өзінен жоғары тұрған командаларға жиі қиындық туғызады. Қазақстан құрамасында жігерлі ойыншылар көп, басты мақсаттары жылдам қарымта шабуылдар арқылы қарсыласқа соққы беру. Әдетте команда 5-4-1 тактикасымен ойнайды және қарсыласын әбден шаршатып алып, күтпеген сәтте жазалауға ұмтылады. Қазақстан құрамасының жалпы трансферлік құны небәрі 15 миллион еуродан сәл асады. Салыстырмалы түрде айтсақ, Бельгия құрамасының құны қазір 530 миллион еуродан көп. Айырмашылық жермен көктей. Қазақстан құрамасында Бельгиялық жанкүйерлерге таныс екі ойыншы бар. Георгий Жуков жасөспірім кезінде "Беверен” және "Андерлехт” академияларында тәрбиеленген. Кейін "Беерсхотта” ойнап, "Стандарт" сапында да біраз уақыт болғанымен, негізгі құрамға кірмеген. Ол тіпті Бельгия жасөспірімдер құрамасының (U19) жейдесін киген, бірақ 2014 жылы Қазақстанды таңдады. Тағы бір таныс есім Ян Вороговский. Сол жақ қорғаушы "Беерсхотта” және Бельгияның екінші дивизионында өнер көрсеткен "Моленбекте” ойнады. 2022/23 маусымында "Моленбек” сапында 32 матч өткізіп, 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Ол алаңда жанкешті еңбек ететін, сол аяғы мықты ойыншы. Ұлттар Лигасының Украинаға қарсы плей-офф матчтарына байланысты Бельгия іріктеу кезеңін маусым айында ғана бастады. Екі турдан кейін “Қызыл сойқандай” 4 ұпай жинап, топта үшінші орында тұр. Солтүстік Македония 8 ұпаймен көш бастап тұр, бірақ олар екі матчты артық өткізген. Екінші орында Уэльс (7 ұпай, 4 ойын). Қазақстан мен Лихтенштейн 3 ұпайдан алып, үш ойыннан соң кестені түйіндеп тұр." – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бельгия – Қазақстан матчы 07 қыркүйекте, Астана уақытымен 23:45-те Брюссельде өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров