"Брюггенің" жас қорғаушысы Йоакин Сейс ел құрамасының бүгінгі кездесуінде көмектесе алмайды.
20 жастағы Йоакин Бельгияның қыркүйектегі кездесулеріне қатысатын ойыншылар тізімінде болды. Алайда Сейс “қызыл сойқандардың” сәрсенбі күні өткен жаттығуында бұлшық етін жарақаттап алыпты. Сол себептен, ол бүгінгі матчтан шет қалмақ.
Бір қызығы, жас футболшы құрамада дебют жасаудың алдында жарақат алуды әдетке айналдырыпты. 2024 жылы да Йоакин Бельгия командасындағы алғашқы матчын өткізер алдында аяғына зақым келтірді. Соның кесірінен қорғаушы дебюты тағы бір жылға шегерілді. Алайда биылда сол жағдай қайталанып отыр.
Трансфермаркет порталы қорғаушының 8 млн еуроға бағалайды.
Бельгия - Қазақстан матчы бүгін Брюссельде елорда уақытымен сағат 23:45 басталады.
Біздің серіктес: FONBET