Жарнама
Жарнама

Бельгияға қарсы мүмкіндігіміз қалай? Мамандар сенсация күтуде

06.09.2025, 15:23

Отандық бапкер Алмас Құлшынбаев ӘЧ-2026 іріктеуі аясында өтетін Бельгия- Қазақстан матчына байланысты пікірі мен болжамын берді.

Қазақстан құрамасы
Жарнама
Жарнама

«Уэльске қарсы ойынның екінші таймы Қазақстанның әлеуетін көрсетті. Өкінішке қарай, ол матчта сәттілік серік болмады - Ғалымжан Кенжебектің соққысы қақпа бағанасынан қайтқан. Десе де, Бельгияның Уэльстен көш ілгері екенін мойындау керек. Объективті түрде айтқанда, бельгиялықтарға қарсы мүмкіндік өте төмен. Пайызға шаққанда 80 де 20 деуге болады. Әйтсе де, Қазақстан бір кездері олармен тең ойнап еді -2:2. Тағы да тосынсый мен ғажайып күтеміз. Біздің жігіттер онсыз да бәрін жақсы түсінеді деп ойлаймын. Мүмкін, футбол құдайы біздің командаға қарайласады. Соңына дейін үміт үзбейміз», - деді А. Құлшынбаев «sports.kz» порталына берген сұқбатында. 

Қазақстан іріктеу аясында өткен бейсенбіде Уэльске қарсы ойнап, 0:1-мен ұтылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров