Бельгиялық «bx1.be» басылымы «Қайрат» - «Брюгге» кездесуіне тоқталып, командалардың мүмкіндіктерін бағалады.
Бұл матч ЧЛ жалпы кезеңінің 7-турының аясында өтеді. Кездесу бүгін 20:30-да басталады.
«2026-жыл «Брюгге» үшін сәтті басталмады: команда «Шарлеруадан» ұтылып, Бельгия Кубогінің ширек финалынан ұшып кетті. Тағы 4 күннен кейін чемпионатта «Ла Лувьерден» есе жіберді. Сейсенбіде «Брюгге» футболшыларын Қазақстанға дейін алыс сапар күтуде – команда алматының «Қайратына» қарсы кездесу үшін Астанаға жескенбіде шығып кеткен. Чемпиондар Лигасында тұңғыш рет ойнап жатқан қазақстандық команда 1 ұпаймен турнирлік кестеде 36-орынға жайғасуда. 31-орында 4 ұпаймен келе жатқан «Брюггенің» тоғыспалы ойындарға шығуға мүмкіндік беретін топ-24 қатарына кіретін үміті болса қателікке жол беретін хақысы жоқ», - делінген басылым материалында.
Бұл «Қайрат» үшін Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде өз алаңынадағы соңғы кездесуі. Турнирдің соңғы турында алматылықтар Лондонда «Арсеналға» қарсы тұрады. Бұл бәсеке 29-қаңтарда болады.
Біздің серіктес: FONBET