Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан жастар құрамасының капитаны Әділбек Жұмаханов жайлы жылы пікір айтты.
«Әділбек үшін бұл даму жағынан жақсы мүмкіндік. Оған біздің қаржылық ұсыныстан әлдеқайда үлкен қаржы ұсынған бірнеше клубтар болуы мүмкін, бірақ ол өзі «Елімай» футбол клубын таңдады. Біз ойыншыға алғаш болып әрі нақты ұсыныс жасадық соның салдарынан біздің жеделдігіміз бұл жағдайда маңызды рөл атқарып кетті.
Біз Әділбектен жарқын болашақ күтеміз, біздің клубта дамып командамен үлкен нәтижелерге қол жеткізгенін қалаймыз. Ол бізге ойын сәттері тұрғысында сәйкес келеді. Прогрессивті, дамып келе жатқан жас жігіттермен жұмыс істеу әрқашан жағымды», - деді А. Карпович.
Естеріңізде болса, қорғаушыға ел чемпионы «Қайрат» пен бельгиялық клубтан ұсыныс түскендігі мәлім. Алайда, Жұмахановтың өзі Семейді таңдаған еді. Былтырғы маусымды футболшы «Атырауда» өткізді.
Біздің серіктес: FONBET