Жарнама
Жарнама

Белгілі бапкер «Ақтөбе» - «Спарта» кездесуі жайлы: бұл «Ақтөбенің» осы маусымдағы ең керемет ойыны

27.07.2025, 14:58

«Аладоп.кз» белгілі маман Болат Есмағамбетовпен хабарласып, «Ақтөбенің» КЛ 2-іріктеу кезеңіндегі мүмкіндіктері туралы пікірін білді.

«Ақтөбе» - «Легия» кездесуі
Жарнама
Жарнама

Апта басында отандық клуб чехиялық клубты 2:1-мен ұтқан болатын. 

- Бірінші кездесуді тамашалап, «Ақтөбеге» жанкүйерлік еткеніңіз анық. Қарымта матч алдында біздің командада сәл басымдық бар ма? 

«Спарта» Еурокубоктерде әбден ысылған мықты команда. Кезінде Испания, Францияның командаларынан басым түскен. Ойын алдында чехиялықтарды айқын фаворит, «Ақтөбеге» қиын болады деді. Тіпті, тең ойынның өзі олжа десті. Ал бұл жеңіс «Ақтөбеге» психологиялық тұрғыда үлкен басымдық беретіні анық. Осы кезеңде VAR болған жоқ. Көп моменттер болды, бірақ төрешінің назарынан тыс қалды. Арбитр екі жаққа да қателік жіберді. Матчтың басында біздікілер кішкене сасқалақтағандай ма... Бірақ, абырой болғанда уақыт өте жігіттер етек-жеңдерін жинап, жақсы ойын көрсетті. «Ақтөбе» әсіресе қарымта шабуылдарда қауіп төндірген. Екі гол да солай кірді, қонақтар үлгере алмады. Соса керемет көрінді, гол салып, қажет кезде аяп қалмай пасты да берді. Бұл «Ақтөбенің» осы маусымдағы ең керемет ойыны. Талай кездесуін тамашалап жүрміз ғой, «Спартаға» қарсы матчты ең үздік деуге болады. Бір жағынан бапкердің нұсқамаларын бұлжытпай орындаған. Алаң иелері жылдам қарымта шабуылдарға арқа сүйеген еді, сонысы ақталды. Қазір «Ақтөбеде» жап-жақсы шабуылшылар бар - Шушеначев, Соса, Швырев келді, Өміртаев бар. Команданың ойын стиліне, тактикасына бой үйретулеріне кішкене уақыт керек. 

- Пенальти туралы не айтасыз, қаншалықты әділ шешім? 

- Пенальти беретін жер емес еді... Кезінде өзіміз де футбол ойнадық қой, ондай контакттар 90 минут бойы болады. Қорғаушы мені ұстайды, мен оны ұстаймын, доп ұшып жетіп қалғанда бір-бірімізді жібере саламыз дегендей... Бұл эпизодта төреші анық қате жіберді меніңше. Қандай ракурстан қарады, қайдан көріп қалды?.. Мұндай жағдайларда негізінен пенальти бермейді. Енді көреміз, бірақ 2:1 үлкен басымдық емес. «Ақтөбеге» Чехияда өзінің ойынын ұстану керек, қорқатын, сасатын ештеңе жоқ. Олардың асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Техникалық жағынан мықты емес, физикалық тұрғыда сәл мықты болулары мүмкін. Бірақ, өткендегі жеңісінің арқасында «Ақтөбе» бізге балын қосты». 

- Әңгімеңізге көп рахмет! 

- Сіздерге де табыс тілеймін! 

Командалардың жауап ойыны 31-шілдеде болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров