Отандық бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұқбат беріп, «Каспий» клубының ҚПЛ-дегі мүмкіндіктері мен сәуірдегі күнтізбесіне тоқталды.
Белгілі маманның айтуынша, ақтаулық ұжым биылғы турнирдің негізгі аутсайдері.
«Көпшілік бір қарағанда ойлауы мүмкін ғой бұл не сұмдық деп. Бірақ, бұл қалыпты дүние. ҚПЛ-де қалғың келсе, барлығымен ойнауыңа тура келеді. Чемпионаттың фавориті ме, бай клуб па жоқ кедей ме, айырмашылығы жоқ. Олай қорқатын болсаң, не үшін шықтың премьер-лигаға? Оңай ойындар болмайды мұнда. Кез-келген командамен 6 ұпай үшін күресу керек. Бұл жерде қазір тек «Астана» көшбасшы. «Қайрат» 4-орында, «Елімай» бесінші. «Ақтөбе» 10-сатыда келеді. «Тобыл» тіптен 10-орында тұр. «Каспийдің» одан 1 ұпайы кем. Сондықтан, бұл жерде қорқынышты ештеңе көріп тұрғам жоқ. Кез-келген командамен ойнауға болады. Жалпы, аутсайдер үшін кез-келген қарсылас оңай емес. Ал ақтаулықтар бұл чемпионаттың басты аутсайдері», - деді Б. Есмағамбетов.
Айта кетейік, «Каспий» сәуір-мамыр аралығында премьер-лиганың басты фавориттерімен жолығады. Олардың қатарында бірінші орында тұрған «Астанадан» бөлек, «Қайрат», «Ақтөбе», «Тобыл» және «Елімай» ұжымдары бар. 3 турдан кейін ақтаулық клуб 1 ұпаймен 15-орынға жайғасуда. Келесі турда «Каспий» «Жетісумен» ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET