Жарнама
Жарнама

Белгілі бапкер Ислам Чесноковтың жаңа лигадағы мүмкіндігін бағалады

Бүгін, 11:49

Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұхбат беріп, Ислам Чесноковтың «Хартс» командасындағы болашағы мен бейімделуі жайлы ойын айтты.

Ислам Чесноков
Жарнама
Жарнама

«Чесноков техникасы бар, арықтау келген, ақылды бірақ нәзіктеу футболшы. Енді осындай ойыншының талас-тартысқа толы сондай Шотландия  сияқты чемпионатқа неге барды, ары қарай мансабы қалай болады деген ой келгені рас. Алайда, Британ футболы да бұрынғы біз ойлағандай емес, сәл өзгеріске ұшыраған. Мысалы, Англияның өзін алсақ, онда бұрынғы стиль жоқ, өйткені бүкіл Еуропамен араласып кеткен. Ал Шотландияны біз «Қайратпен» ойнаған кезінде «Селтиктің» мысалында көрдік. Құрамында техникасы мықты өте көп ойыншы бар екен, бірақ дене бітімі тұрғысында асып тұрған ештеңелері байқалмады. Чесноков қазір 27 жаста, нағыз бабында жүрген ойыншы, меніңше, ойнап кете алатын сияқты. «Хартс» командасы ұзақ уақыт Чесноковты бақылап жүрді, бүкіл әлеуетін жақсылап танып алған. Сондықтан, олар әбден ойланып барып алып отыр. Одан кейін бас бапкерлері алғашқы күндерінен-ақ мақтап жатыр, келесі турда шығып қалуы мүмкін деген ақпарат бар.

Бейімделудегі басты мәселе – тіл білуі. Чесноковтың ағылшын тілін білу-білмеуі жөнінен хабарым жоқ, бірақ, біздің қазіргі Еуропаға барсам деп жүрген жас ойыншылардың барлығы тілді үйреніп жүрген сияқты. Сондықтан, Чесноковта адаптацияға көп уақыт кетпейтін сияқты», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» тілшісіне берген сұқбатында.

 Ислам Чесноков шотландиялық клубпен 2028-жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров