Белгілі бапкер Қазақстан Кубогінің финалы туралы: ақтөбеліктердің тәжірибесі қарсыласынан көбірек

29.09.2024, 14:17

Отандық белгілі бапкер Болат Есмағамбетов Қазақстан Кубогінің финалындағы фавориттің атын айтты. 

«Атырау» - «Ақтөбе» кездесуі

«Кішігірім басымдықты «Ақтөбеге» беремін. «Тобылдан» өз алаңында 0:3 болып ұтылуы  ақтөбеліктерге ауыр тиді, сондықтан бүгін команда жанкүйерлерінің алдындағы абыройы үшін ойнайды. Осы себепті финалға тыңғылықты дайындалады. Бұл кубоктік ойын дегенімен, ақтөбеліктердің тәжірибесі қарсыласынан көбірек деп есептеймін. Бұдан бөлек, турнирлік кестеге көз жүгіртетін болсақ та «Ақтөбе» бүгінгі оппонентінен анағұрлым жоғары тұр», - деді қазақстандық маман. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Кубогіндегі финалдық кездесуде «Ақтөбе» мен «Атырау» жолығады. Бұл бәсеке 17:00-де басталады. Шешуші бәсеке Алматыда өтпек.