Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндеуі мүмкін бапкерге байланысты пікірін айтып, ойын ортаға салды.
Айта кетейік, Әли Әлиев ӘЧ-2026 іріктеуі аясында Бельгияға қарсы ойыннан кейін өз қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.
«Мұны енді федерация шешетін мәселе. Кімге сенім артады, қандай кандидат дұрыс. Стойлов бас тартыпты, Вайсс та солай деп естідік. Осы Владимир Вайсстың көмекшісі бар, Борис Китка дейтін. Ол енді бас бапкер болып жұмыс істеп көрмеген. Бірақ көп дүниені білетін мықты маман деп ойлаймын. «Қайратта» жүрген кезінде өзімен әңгімелесудің реті түскен. Жаттығуларын, жұмыс процесімен де танысқан едік. Бас бапкердің жұмысы симбиоз ғой, оның қасындағы командасы мықты болуы керек. Осы жағы өте маңызды. Бас бапкердің аналитика жағынан көмекшісі болуы тиіс, қысқасы мұнда бүкіл бір командалық жұмыс қой», - деді Б. Есмағамбетов.
Ұлттық команда іріктеу турнирінде 5 матчта 3 ұпай жинап, соңғы орындардың біріне жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET